Ардагерлер жұдырықтасты
Қаламызда 12 жылдан бері бокстан турнир өткізіліп келеді. Бүгін де Ауғанстан жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында қалааралық турнир ұйымдастырылды. Боксқа қызығушылық білдіруші жеткіншектер асыға келген бұл турнирге түрлі мектеп оқушылары, ата-аналар мен бапкерлер ат салысты. Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күнді ауғандықтар жылда атап өтеді. Биыл да бұл дата елеусіз қалмады. Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, патриотизм рухында тәрбиелеуде Ауған соғысының ардагерлері пневматикалық мылтық атудан, гір көтеруден, турникке тартылудан және спорттың басқа да түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырып келеді. Соңғы жылдары бұл үрдіс дәстүрге айналып отыр. Турнирдің өтуіне себепші болған соғыс ардагерлері ішінде Силхан Шуданов, Гумер Галеев сияқты тағы да басқа алдыңғы буын өкілдері бар. Айта кетейік, бүгін турнирдің ашылу салтанаты мен бірінші күні өткізілді. Алда әлі сайыстың екі күні бар. Турнир жеңімпаздары медаль мен грамоталармен марапатталмақ.Количество показов: 261
Дата создания: 13.02.2024 23:55:39