"Aqtobe su-energy group" АҚ - ның тарифтері 15 % - ға қымбаттады
Енді тұрғындар бұдан былай кәріз жүйесі, су, электр энергиясы және жылу ақысын бұрынғыға қарағанда анағұрлым артық төлейді. Монополияға қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша бұл өзгерістің өз себебі бар. Тариф бағасының өсуіне мекемедегі жұмысшыларға төленетін жалақының өсуі себеп.Тарифтердің мұндай өсімі орташа айлық алатын отбасыларға да оңайға түспейтін сияқты. Коммуналдық қызметтер түбіртегіндегі соманың өзгеруі біраз шаңырақтың жеке бюджетіне салқынын тигізетіні анық. Қызметкерлердің жалақысынын бөлек, стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі коммуналдық қызметтерінің тарифінің өсуіне әкеліп соқты. Енді халық коммуналдық қызметке 15% артық төлейтін болады. Бастысы, тұтынушылардан түсетін табыстың шын мәнінде желілерді жаңартып, қызмет сапасын жақсартуға жұмсалуы. Ендігі ретте осы мәселені қатаң қадағалаған жөн.
Количество показов: 313
Дата создания: 01.02.2024 23:05:58