Қансырап жатқан қызға сенбеген төтенше жағдай қызметкеріне үкім шықты
Төтенше жағдайлар қызметкерінің ісі бүкіл елді дүр сілкіндірді. Оқиға былтыр 29- наурызға қараған түні Жеңіс даңғылында орналасқан үйлердің бірінде болған. Қылмыскер үйге еніп, анасы мен ұлын пышақтап өлтіреді. Ал ұйықтап жатқан 13 жастағы қызды тұншықтырып, мойнына пышақ сұққан. Кейін ізін суытады. Есін жиған қыз бала бірден SOS қоңырауын соққан. Алайда тұтқаның ар жағындағы диспетчер "Ойнама",-деп телефонды қоя салыпты. Өлім аузында жатқан жасөспірім күш жинап, тағы бірнеше рет звондайды. Алайда көмек болмапты. Тек араға 1 сағатқа жуық уақыт салып, қансырап жатқан балаға жедел жәрдем жіберіледі. Өз ісіне салғырт қарады деген диспетчер сот алдында жауап берді. Айыпталушы 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Сондай-қыз баланың қорғаншысына 1 млн теңге моральдық өтемақы төлеуі керек. 31 жастағы Абылайхан Бержанов пробация қызметінің бақылауында болады. Ал қыз баланың анасы мен ағасын өлтірген 23 жастағы қала тұрғыны былтыр сәуірде ұсталды. Екі айға қамауға алынып, іс қозғалған болатын. Алайда , ол абақтыда отырып өз-өзіне қол жұмсаған. Әйтсе де, қылмыстық іс әлі жүріп жатыр.Количество показов: 314
Дата создания: 29.02.2024 02:36:35