Амарикандық дәрігер студенттерге шеберлік сабағын өткізді.
М. Оспанов атындағы БҚМУ жанынан халықаралық деңгейдегі оқу-жаттығу алаңын құру қарастырылуда. Орталық азиядағы халықаралық "KAZANADA" серіктестігінің директоры Кевин Фрикпен кездесуде осы мәселе де көтерілді. Бұл оқу орталығы американдық жүрек қауымдастығының бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Халықаралық оқу орталығынң директоры бүгін студенттерге шеберлік сағатын өткізді. Ол жерде шетелдік ғалым америкалық коордиологиялық ассоциациясы мен Ұлттық жедел медициналық техниктер қауымдастығының бағдарламалары бойынша дәріс берді. Америкалық ғалым жүрек қан тамырлары аурулары мен инсульт жыл сайын 17 миллион адамның өмірін қиып кететінін айтады. Дегенмен, жедел дәрігерлік көмек арқылы кейбір науқастарды өлім аузынан алып шығуға болады. Бұл жерде жедел жәрдем дәрігерлерінің қызмет сапасы сынға түседі. Азиядағы халықаралық "KAZANADA" оқу орталығы ДДҰ мен жүрек ауруларымен күрес жөнінде меморандумға қол қойған. Американдық жүрек қауымдастығы жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресетін әлемдегі ең ірі ҮЕҰ бірі. Бір ғасырға жуық уақыт орталық алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бағыты бойынша дәріс беріп келеді.Количество показов: 279
Дата создания: 05.02.2024 23:28:01