Алаяқтар Әділет департаменті атынан хабарласуда
Алаяқтар телефон арқылы азаматтарға қоңырау шалып немесе хабарлама жібере отырып өздерін әділет органдарының қызметкерлері, сот орындаушысы ретінде таныстырады. Сөйтіп, өз қызметін ұсынады. Мұндайда жеке мәліметтеріңізді беруші болмаңыз, дейді мамандар. Ресми орган телефон арқылы мәселе шешпейді. Сондықтан, алданып жүрмеңіз. Әділет департаменті телефон алаяқтарынан абай болуды ескертеді. Олар берешекті өтеуді талап ете отырып, банктік есеп шоттарына , мүлкіне тиым салумен, мүлікті өндіріп алумен және тағы басқа жолдармен қорқыта отырып, тұрғындардың сеніміне кіру арқылы, ақша талап етеді.Сондықтан алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін мобильді қосымша арқылы жеке сәйкестендіру номерін енгізе отырып, атқарушылық іс-жүргізудің бар немесе жоқтығын тексеруге кеңес береді. Департаментке күн сайын алаяқтарға жем болған 3-4 адам хабарласады.Количество показов: 256
Дата создания: 14.02.2024 23:27:46