Қаланы қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Қала жолдарының жаяу жүретін бөлігі тайғаққа қарсы материалдар себілуі тиіс. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінетіні белгілі. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жол-көлік қозғалысы басты назарда. Қазір шаһарымыздағы әлеуметтік нысандардың алды қардан тазартылып, инерттік материалдар себіліп жатыр. Тұрғындардың сұрауы-жаяу жүргіншілер жолының жағдайын реттеу. Көктайғақ болмаса да, тайып-жығылып жатқандар жоқ емес, дейді ақтөбеліктер. Қала тұрғындарының айтуынша орталық көшелерде қар аршу жұмыстары қарқынды. Арнайы техника мен жұмысшылар да жұмылдырылған. Ал жеке тұрғын үй секторындағылар бұл жұмысты өз күшімін атқарып жатыр. Он екі айда құбылып тұратын шаһардың сырлы мінезіне сын тағатындар да жетерлік. Ақтөбеліктер, мердігерлерге жолдардың жиген де ұмыт қалдырмаса , деген тілек білдіруде.Количество показов: 287
Дата создания: 29.01.2024 21:28:32