Ақтүтек боран ақтөбеліктерді әбігерге салды
Ақтөбеде ақтүтек боран. Түнімен толассыз жауған қар мен қатты желдің салдарынан жолда көліктер тұрып, әуе рейстері кейінге шегеріліп жатыр. Алматы, Астана мен Атырау қалаларынан келетін ұшақтар кешігуде. Ал синоптиктер мұндай ауа-райы үш күнге дейін сақталады, деп отыр.Мердігер мекемелер болса жолдарды қардан тазартып әлек. Жұмыс штаттық режимде , дейді жауапты ақ шенділер. Әйтсе де, нәтиже көрінбейді. Көшеде қардан аяқ алып жүру мүмкін емес.Қаланың бірнеше бөлігі тіршілік нәрінсіз отыр. Ауа-райының суға қандай қатысы бар екенін түсінбеген жұрт, "Ақтөбе су энерджи" мекемесінің жұмысын сынға алуда. Қатты желдің әсері жарыққа да тиген. Қалада бірнеше аудан мен кәсіпкерлік нысандар жарықсыз қалды.
"Энергосистема" серіктестігі ақауды ретке келтірудеміз, деп түсінік берді. "Aqtobe su-energy group" мамандарының да айтар уәжі бар. Әуеқалашық, Юнис сити, және Болашақ аудандарында су насостары жай жұмыс жасап тұр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға,жолға шықпауға, балаларға мұқият болуға шақырады. Қатты жел кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін.
Қоғамдық көлік аялдамалары, жадынама щиттарының, салынып бітпеген құрылыстардың, ағаштардан да аулак жүрген абзал. Сондай-ақ, электр беру сымдарының және үзілген электр сымдарының қасында тұру қауіпті.
Количество показов: 295
Дата создания: 07.02.2024 20:04:02