Ақтөбеде онкологтар ашық есік күнін өткізеді
2023 жылы облыс бойынша 1890 адамнан қатерлі ісік дерті анықталған. Ауру көрсеткіші 11 пайызға артып отыр. Соңғы кездері онкологитялық ауруға шалдыққандар саны әлем бойынша күрт өсуде. 4- ақпан Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай ертең М. Оспанов атындағы БҚМУ орталығы мен оқу орнында ашық есік күндері өтеді. Дәрігерлер скрингтік тексерулердің нәтижесінде аурудың алғашқы сатылары ерте анықталып, науқастардың өмір сүру ұзақтығы артып отырғанын айтады. Соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша онкологиялық дертке шалдыққандардың 30 пайызында қатерлі ісіктің 1-ші сатысы дер кезінде анықталған. Сондықтан дәрігерлер салғырттық танытпай, әр адам уақытылы тексеруден өтіп тұрғаны абзал дейді. Онколог дәрігерлер науқастардың арасында бірінші орында сүт безі обыры тұрғанын айтады. Одан кейінгі орындарда өкпенің қатерлі ісі, , асқазан ішек жолдарының обыры тұр. Мамандар дерт ерте анықталса, оның емі де тиімді болады, деп отыр.Количество показов: 465
Дата создания: 02.02.2024 21:20:18