Ақтөбеде онкологиялық ауруға шалдыққандарға арналған оңалту орталығы ашылды.
Әрбір кабинет заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Енді науқастар бір жерде медициналық тексеруден өте алады. Томографиялық қондырғы да , химиялық емдеудің аппараттары да осында. Бұған дейінгі науқастарға арналған медициналық санитарлық көмек орталықтарымен бұл жерді салыстыруға болмайды, дейді дәрігерлер. Мұнда ем қабылдаушыларға барлық жағдай жасалған. Оңалту орталығы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина орталығының 6-шы қабатында орналасқан. Дәрігерлер онкологиялық дертке шалдыққан науқастардың операциядан кейін, химиялық емдеуден кейін жағдайлары нашарлап кететінін айтады. Бірақ өкінішке орай бұған дейін ауыр отадан шыққан науқастарға оңалту емдері жасалмаған.Количество показов: 379
Дата создания: 27.01.2024 00:05:24