Ақтөбеде үлескерлер дауы шешілер емес
Бірінші қабаты ғана көтерілген мына тұрғын үй кешені осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс болатын. Үлескерлердің арасында алдын-ала пәтер бағасын толығымен төлеп тастағандары да бар. Бірақ, үй құрылысы тоқтап қалып, сол жылы ""Строй сервис Регион" тұрғын үй құрылыс кооперативінің жетекшісі Бауыржан Кәрімовтің үстінен іс қозғалып, ол тергеу изоляторына тоғытылады.Мұнан кейін бұл үйді салмақ болған тағы бір құрылыс компаниясының жетекшісі де істі болып, ол да қазір тергеу изоляторында қамауда. Атышулы "Сафина" тұрғын үй кешенін салмақ болғандар да осы үйдің құрылысын бастаған екен. Құрылыс компаниясы жетекшісі қалада бірнеше үйдің құрылысын бастап, осылай жартылай аяқтай алмаған. Сондықтан, үлескерлер құрылыс жүргізушілерді бірігіп те, тұрғындар жеке жеке болып та арыз жазып, сотқа бергендерін айтады. Қалада құрылысы аяқталмаған осындай 11 нысан бар. Өз міндеттерін аяқтамаған құрылыс компаниясы басшыларының ісі сотта қаралатын болады. Мұндай үлескерлер мәселесін шешу үшін облыс орталығынан жаңа мекеме құрылды.
Количество показов: 283
Дата создания: 13.02.2024 00:33:07