Ақтөбеде ауыз сусыз отырған аудандар бар
Ақтөбеде әлі де 20-дан астам ауылда жарық толық берілмеген. Қазір қаладағы бригадалар аудандарға жіберіліп жатыр. «Энергосистема» серіктестігі өкілдерінің хабарлауынша, қазір Алға ауданындағы 8 ауылда жарық жоқ. Ол – 594 абонент. Боранның салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Келесі сюжетімізде толығырақ.Қатты дауылдың салдарынан қала мен елді мекен тұрғындары ауыз сусыз қалды. Жарық пен жылусыз отырған ақтөбеліктер де жоқ емес. Мәселе шешіліп жатыр. Келеңсіздікті жою үшін коммуналдық мекемелер тәулік бойы жұмыс істеуде. Күре жолдарды қардан тазалауға 293 техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек қатты дауылдан кейін шатыры ұшқан ғимараттардың мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс.
Екі тәулік біршама үй ауыз сусыз отырды. Мәселе шешілді. Әйтсе де, Алтын Орда ауданында 30 дан астам көп қабатты үйге тіршілік нәрі әлі берілмеген. Проблема гидравликалық жабдықтарда, дейді мамандар.
Қаланы сумен қамтып отырған мекеме өкілінің айтуынша, насостардың дені электр қуатына тәуелді. Жарық өшсе, су да автоматты түрде тоқтатылады.
Жарық мәселесі де реттеліп жатыр. 120 бригада өңіріміздің әр бөлігінде жұмыс істеуде. Қала бойынша 15 бригада 41 разъезд, сүт зауыты аудандарына жарық қосты. Жалпы облыс бойынша 5 ауылда, соның ішінде Әйтеке би ауданына қарасты 2 ауыл, ал Хромтау ауданында 3 ауылдың мәселелерін шешуге бригадалар жөнетілді.
Облысымыздағы автомобиль жолдарына келсек 2775 автокөлік жолда тұрып қалған. Далада қалып қойған 800 ден астам адам жылыту пункттеріне жеткізілді. Хромтау мен Әйтеке би аудандарында төтенше жағдай жарияланды.
Мәселе қала мен аймақ басшыларының бақылауында. Дауыл салдарымен күресу әлі де жалғаспақ.
Количество показов: 275
Дата создания: 09.02.2024 23:33:25