Ақтөбеде алимент төлемей жүрген әкелер көп
Бүгінде безбүйрек әкелердің баласы алдындағы қарызы 2 мдрд теңгеге жеткен. Көпшілігі жұмыс жоқтығын сылтау етеді. Деректерге сүйенсек, бір ғана Ақтөбенің өзінде 8000 нан астам іс қаралып жатыр. перзенті алдындағы қарызын өтемейтіндермен күресу қиын. Сот орындаушылар мен әділет департаменті де қауқарсыз, дейді прокурорлар. Перзенттеріне жылдап ақша төлемеген әкелер бар. Мәселен Жексембиев есімді азамат 2019 жылдан бері алимент төлемеген. Сот орындаушылары оның қайда екенін де бейхабар. Алайда нәтиже жоқ. Ал қордаланған қарыз сомасы 3 млн теңгеден асады. Көкек әкеге іздеу жарияланыпты.Жауапсыз ерлердің борышын төлетуге мемлекет қолданбаған шара қалмаған. Әйтсе де, ескертуді елемейтіндер көп жағдайда төлемнің уақытылы жасалмауына себеп жағдайының төмендігі мен жұмыссыздығы екенін айтып, ақталуға тырысады. Әйтсе де, баласы алдында қарызын өтеуге міндетті.2023 жылы 255 істі сотқа жолданды. 56 әкеге қатысты қылмыстық іс озғалды. Бір жағдай бітімгерлікпен аяқталған. 2 іс сотқа жолданып отыр.
Количество показов: 246
Дата создания: 13.02.2024 00:36:02