Ақтөбе су тасқынына дайын ба?
Бүгін ТЖД өрт қауіпсіздігі мен су тасқынына қарсы атқарылып жатқан шараларды пысықтады. Табиғаттың мұндай тосын сыйына сақадай сай болу қажет. Өңірде қауіпті аймаққа жататын 15 елді мекен бар, соның ішінде Казанка ауылы, Қобда мен Мәртөк аудандары жылда суға кетеді. Биыл төтенше жағдайға жол бермеу керек, деп бекініп отыр құтқарушылар. Мамандардың айтуынша өрт қауіпсіздігінің маңыздылығын сақтауын ескертуде. Жалпы облысымызда жыл басынан бері 29 өрт тіркелді. Былтырғы жылмен есептегенде бұл аз көрсеткіш. Дегенмен, қауіп сейілген жоқ. Сақтықта қорлық жоқ, дейді құтқарушылар. Жер үйлердегі өрттің пайда болуы газ балондарына байланысты. Балондарды қондыру кезінде, техникалық қауіпсіздік шараларын сақталмайды, дейді мамандар.От тілсіз жау. Республикамызда өрттен сақтануға қауіпсіздік шараларын сақтау үшін арнайы шаралар ұйымдастырылуда. Қарағанды облысында 4 газ балоны жарылған. Салдарынан 15 адам зардап шегіп 2 адам қайтыс болды.ТЖД газ балонын мамандандырылған жерден толтыруға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Балаларды газ балондары мен газ құрылғылары маңына жолатпау маңызды екенін ескертуде.
Количество показов: 283
Дата создания: 21.02.2024 19:21:01