Ақтөбе мектептерінде сабақ болып жатыр ма?
Білім ордаларында жаппай терракт ұйымдастырамыз, деп мәлімдеме таратқандардың тізімінде осы 27-ші орта мектеп-лицейі бірінші болып тұр. Бүгін оқушылардың жартысынан астамы сабаққа келмей қалған. Үрейленген ата-ана ақпаратқа , балаларын мектепке жібермепті. Бірақ бүгін сыныптарда сабақ кестесі бойынша барлық пәндер өткізіледі, дейді ұстаздар. Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер қала мектептеріне теракт ұйымдастыруға дайындалып жатқандары туралы ақпарат таратқан болатын. Хабарламаның мәтіні жан түршігерлік. Ол жерде:" Менің стандартым бойынша кем дегенде 10 мектепті аралаймыз. Біз 500ден астам баланы өлтіре аламыз. Біз мұны көптен күттік, ақыры арманымызды орындаймыз " деп жазылған. Қаладағы 27-ші орта мектеп лицейінің директоры Дәуір Төлемісов білім басқармасының тапсырмасы бойынша оқу орнында қауіпсізідк шаралары күшейтілгенін айтады. Күзет қызметімен келісім жасалып, қауіпсіздік шаралары пысықталды дейді мектеп басшысы. Әлеуметтік желілерде үрейлі ақпарат таратушылар желі қолданушыларына тіпті ертең түсте тікелей эфирге шыға алатындықтарын мәлімдеді. Тікелей эфирде мектептерде болатын атысты, терракт кезінде қаза болған балаларды да көрсетеміз деген жазбалар да көпшілікті дүрліктіріп жіберді.Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Облыстық полиция депатартаментінің өкілдері ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, деп отыр. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылмақ. Үрейлі ақпарат пайда болған телеграмм каналына жазылушылар саны күрт өсіп, 6 мың адамнан асып кеткен. Тіпті қалада осы ақпараттан кейін онлайн сабақ кестесіне көшкен мектептер де бар.Количество показов: 288
Дата создания: 25.01.2024 23:23:55