Құтқарушылар қар құрсауында тұрып қалған жүргізушлерге көмекке келді.
Күн райының бұзылатыны жайлы алдын ала хабарландыру айтылғанмен, алыс сапарға шығушылар легі азаяр емес, дейді құтқарушылар. Кейбірі тіпті негізгі трасса жабық болса да, айналма жолмен сапарға шығып кетеді екен. Өткен тәулікте Ақтөбе облысының аудандарында ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе қаласы және Қарғалы, Байғанин, Хромтау аудандарында авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар қар құрсауында тұрып қалған жүргізушлерге көмекке келді.Нәтижесінде құтқарушылар күшімен 4 адам оның ішінде 2 бала құтқарды. 51 адам оның ішінде 4 бала эвакуацияланып, Хромтау қаласы және Бадамша ауылына жеткізілді. Жағдайлары жақсы. Медициналық көмекті қажет етпеді.Жүргізушілер жолға шығарда көліктің жағдайын мұқият тексеріп, жолдың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап отыруы тиіс. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлағанда, кішкентай балалармен елді мекендерден тыс сапарға шығудан және ұзақ қашықтыққа жаяу жүрмеуі қажет. Қоғамдық көлік пен дизельді қозғалтқышы бар автокөлік иелері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн, – дейді құтқарушылар.Количество показов: 253
Дата создания: 05.02.2024 23:23:35