Құрт ауруын емдеу тәсілдері жаңаруда
Фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталық өкілдері ауылдық дәрігерлерге дәріс оқыды. Өткен жылдан бері өңірде туберкулезге шалдыққан 85 науқас жаңа тәсілмен емдеу бағдарламасына қатысқан. Олардың арасында аурудан айыққандар да бар. Ауруы асқынған науқастардың да беті бері қараған. Сондықтан, фтизиопульмонологиялық ұлттық ғылыми орталық өкілдері енді осы ем тәсілін ауылдық дәрігерлеге үйретуге келіпті. Ғаламдық қордың қаржыландыруымен инъекциясыз емдеу әдісі өңірде 2022 жылдың сәуір айында енгізілді. Бұл емдеу тәсілінің негізгі ерекшелігі науқастарға екпе түрінде ем жүргізілмейді. Бұған дейін туберкулез дертіне шалдыққан науқастарға берілетін таблеткалар пайдаланылады. Сондықтан бұрын өкпе ауруына шалдыққан науқасқа толық емдеу курсын алу үшін 2 жыл уақыт жұмсалса, қазір ол 9 айға қысқарған. Өкпе дертіне шалдыққандар саны азая бастағанымен, өткен жылы облыста осы дерттен 8 науқас қайтыс болған. Қазіргі уақытта өңірде 100 мың адамға шаққанда ауру көрсеткіші 37,3 науқас болып тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030-2035 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша әлемде аурушаңдық деңгейін 100 мың халыққа 10 адам болатындай деңгейге түсіру . Сондықтан дәрігерлер әлі де емнің тиімді әдістері тәжірбиеге енгізілуі мүмкін деп отыр.Количество показов: 260
Дата создания: 07.02.2024 20:08:04