Өңірде қызылша өршіп тұр.
Облысымызда қызылша жұқтырғандар саны азаймай отыр. Тіркелген деректің 81,3 %-дан астамы екпе алмаған балалар, дейді мамандар. Осы уақытқа дейін қызылша ауруына ықтимал 10 335 адам анықталып, оның 4 564 -нен инфекция зертханалық жолмен расталды. Қызылша өте қауіпті аурулардың бірі. Бұл дерт көбінесе балаларда кездеседі. Ауруға қарсы екпе алмаған адамның қызылшаны жұқтырып алуы әбден мүмкін. Салдары да жаман, түрлі дертке ұшыратуы ықтимал. Өкпе қабынуы, пневмония, отит, кей жағдайда энцефалит сияқты ми жарақатының қабынуына да болып жатады, дейді ақ халаттылар. Қосымша жаппай иммундау шеңберінде 46 337 адам екпе алып үлгерген. Қызылшаға және қызамыққа қарсы екпені тұрғылықты мекен-жай бойынша емханаға барып немесе хабарласып ала аласыз. Екпе тегін түрде беріледі.Количество показов: 303
Дата создания: 06.02.2024 23:35:30