Өңірде 800 ден астам үкіметтік емес ұйым бар
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Жергілікті азаматтық қоғам өкілдері жиі бас қосады. Бүгінгі дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйымдар күніне орай жергілікті өкілдік мүшелері арнайы шара ұйымдастырды. Мақсат-бірлесіп атқарылатын жұмыстарды пысықтау дейді шараның ұйымдастырушылары.Жергілікті үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесуге Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Бейнешев те қатысты. Себебі бұл отырыста азаматтық қоғам мүшелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктері мен гранттық жобаларға қол жеткізу мәселелерін де алға тартқан болатын. Облыс аумағында 800 ден астам ҮЕҰ тіркелген. Бұл ресми тіркеуде бар ұйымар саны. Бірақ олардың жартысы ғана нақты жұмыс істеп жатыр. Азаматтық қоғам мүшелері жылдан жылға белсенділік танытып келеді. Олар елімізде барлық саланы қамтиды. Әсіресе әлеуметтік салада жұмыс істейтін Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері аса белсенді.
Количество показов: 295
Дата создания: 27.02.2024 21:28:20