Өңірімізде дәрігер тапшы
Өңірде балалар арасында инфекциялық сырқат дендеп барады. Қызылша, пневмония, бронхиттен бөлек генетикалық сырқатқа шалдыққан сәбилер жетіп артады. 3000 ға жуық бүлдіршін қазір ауруханаларда стационарлық ем қабылдап жатыр. Ақтөбеге білікті де сауатты дәрігерлер қажет. Ал ауыл-аймақтарда медицина қызметкерлері тіпті қат. Батыс өңірлері бойынша дәрігерлер дайындайтын медициналық университет Ақтөбеде ғана. Әйтсе де, кадр тапшылығы мәселесі шешілмей отыр. Дипломмен ауылға барған жас мамандарға 2021-2022 жылдары мемлекет қорынан бір жарым млн теңге бөлінсе, 2023 жылы бқл қаоажат өсті. 3 млн теңгені құрады. Биыл да жас маманға қолдау бар. Тек ниеттілер табылса игі, дейді биліктегілер.Количество показов: 264
Дата создания: 13.02.2024 23:21:52