"Қауіпсіз жол" акциясы өтуде
Темір жол бойында болатын түрлі қайғылы жағдайларға жол бермеу көліктегі прокуратура, басқа да құқық қорғау, өкілетті органдар үшін маңызды жұмыс болып табылады. Өкінішке орай, жүргізіліп отырған профилактикалық шараларға, қадағалауға қарамастан, темір жол бойындағы ауыр оқиғалар, оның ішінде адам өлімі жыл сайын артып отыр.Ақтөбеде "Қауіпсіз жол" акциясы басталды.Жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарда. Ақтөбеде "Қауіпсіз жол" акциясы өтіп жатыр. Шара ақпанның аяғына дейін жалғасады. Көліктегі полицейлер жолаушылар пойыздарын тексеруде. Бүгін желілік полиция бөлімінің инспекторлары темір жол вокзалына барып, бірнеше бағыттағы пойыздарды тексерді.
Темір жол қауіпті аймақ. Жазатайым оқиғалардың дені темір жол өткелін белгіленбеген жертен кесіп өту кезінде орын алып жатады. Инспекторлар қаншама рет айтқанымен, ескертуді елемейтіндер көп.
Жасөспірімдер жолдың арғы бетіне өтемін деп, ережені өрескел бұзады. Құлаққап тағып алып, музыка тыңдап келе жатқан жастар да көп. "Қауіпсіз жол" алдын алу іс-шарасы барысында желілік полиция қызметкерлері колледж бен жоғары сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізбек.
Количество показов: 272
Дата создания: 09.02.2024 23:35:50