ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау жүріп жатыр
Өңірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына құжаттар қабылдау басталды. Өтініштер «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылданады. Құжат тапсыру 2025 жылдың 25 маусымына дейін жалғаспақ. Биылғы жылдың қабылдау науқанына біраз өзгеріс енген. Солардың бірі цифрлық мемлекеттік басқару бағдарламасы бірінші рет енгізіліп отыр. Жаңа бағдарлама цифрлық трансформацияны басқару, мемлекеттік секторда цифрлық шешімдер әзірлеу мен енгізу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Оған мынадай үміткерлер қатыса алады. Академия 12 білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдайды, олардың ішінде 9-ы - магистратура, 3-і - докторантура бағдарламалары. Сәйкесінше, магистратураға 120, докторантураға 12 грант бөлінген. Былтыр облыс бойынша 50 үміткердің 7-і оқуға түскен. Айта кеткен жөн, аралық нәтижелер 25 шілдеде жарияланады. Құжаттарды рәсімдеу және келісімшартқа отыру мерзімі - 7 тамызға дейін.Количество показов: 29
Дата создания: 23.04.2025 06:58:40