Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күндік акция басталды
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы өткізілуде. Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты және БАҚ тартылып отыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін қарастыра отырып, кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында қоғамдық іс-шаралар өткізу ұйымдастырылады. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Бұл ұранға айналғандай сөзді жиі естиміз және жасалып жатқан іс шаралар да жетерлік, заң да күшейтіліп жатыр. Әйтсе де, зорлық әрекеттер қоғамда әлі де тоқталмай отыр. Бүгін бастауын алатын акцияның мақсаты- керағар әрекеттердің алдын алып, болдырмау. «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп елді мекендерде полицияның қоғамдық көмекшілерін, жастар бірлестіктерін, танымал блогерлер мен әртістерді, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша флэш-мобтар, мобильді акциялар өткізілетін болады. Солардың бірқатарларымен жауапты орындар бүгін бөлісті.Айта кететін жәйт, қаламызда екі ірі дағдарыс орталығы жұмыс жасайды. Отбасылық қиыншылыққа түскен әр әйел адам балаларымен 6 айға дейін тегін түрде көмек ала алады. Балаларын балабақша, мектепке орналастырып, жұмыс жасауларына да мүмкіндік алуларына болады, дейді жауаптылар.Количество показов: 14
Дата создания: 26.11.2024 06:15:03