Облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясы өтті
Облыстық бюджет жалпы көлемі 38,1 млрд теңгеге нақтыланды. Бүгінгі күн тәртібінде облыстық бюджеттің кірістері туралы мәселелер қаралды. Депутаттар өткен жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті тыңдап, қаржыландырудың негізгі бағыттарын бекітті. Басты назар автомобиль жолдары мен құрылыс саласында болмақ. Қазынадан осы екі салаға бақандай 12 млрд тан астам қаржы бөлінді.Білім беру, денсаулық сақтауды қолдауға ,шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Мәселен, білім басқармасына барлығы 1,9 млрд теңге бағытталмақ. Ал, Денсаулық сақтау басқармасына 1,2 теңге қарастырылады. Спорт басқармасына 1 млрд теңге болса, мәдениет саласына 495 млн теңге бөлінбек. Сондай-ақ қаламыздың Бас жоспарын түзетуге 89 млн теңге жұмсалмақ. Бүгінгі облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында 39 депутаттың 29ы төбе көрсетті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Депутаттардың бірі қорамыз қаңырап тұр, мал жоқ, деп ауыл шаруышылығы басқармасы басшысына сұрақты төтөсінен қойды. Сонымен қатар қазынадан мал басын көбейтуге 1 миллиард 200 миллион теңге бөлуін талап етті. Ал, бұл салаға жауапты басшының жауабы мынадай болды.Сондай-ақ, Ауған ардагерлерінің бірлестігінен ардагерлердің әрқайсысына 50 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсету ұсынылды. Бастамашылар осындай қолдауды Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырды. Экономика басқармасында бұл идеяны қарастыруға және жауап беруге уәде берді.
Количество показов: 406
Дата создания: 08.02.2025 09:55:14