Ерікті жастар қариялардың үй-ауласын қардан тазалап берді
Жастар жақсы іс жасаудан жарысуда. Әсіресе, қарттарға көмектесетін еріктілер көбейген. Күннің суықтығына қарамай бүгін бір топ жас, Зауза әжейге қол ұшын созды. Қарияның ауласын тазартты.Зауза әжей жастардың бұл ісіне дән риза, батасын да жаудырып жатыр. "Ауламды қар басып қалады, оны тазартатын балалар әлі кішкентай, үлкен ауланы игеру қиын. Бүгін жастар келіп, бұл мәселені шешіп берді, дейді кейуана.Зауза әжей зейнеткер. Жолдасы өмірден озған. Өзі де, жолдасы да ақ халатты абзал жан, талайдың өміріне араша түскен адамдар. Екі қызы бар. Жалғыз ұлынан айырылғанын айтады. Бүгінгі игі шараға атсалысқан жастарға алғысын айтты.
"Қолғанат" еріктілер қозғалысының мүшесі Бота Жалғасбаева Зауза әжейді ұмыт қалдырмаймыз, деп уәде берді. Керек кездері барынша көмектесуге тырысамыз, деп отыр ерікті. Бүгінгі қайырымдылық іс шараға 30 ға жуық студент қатысты. Олар Автожол колледжінің студенттері және гуманитарлық колледж жанынан құралған “Қолғанат” еріктілер клубының мүшелері. Шараның мақсаты-егде жастағыларға көмектесіп, өзгелерге үлгі болу.
Количество показов: 407
Дата создания: 08.02.2025 09:57:40