Шекарашылар боз кілемде күресті
Биыл қос мерей тойдың қатар келген уақыты. Кеңес Одағаының батыры Әлия Молдағұловаға 100 жыл толса, Ұлы Жеңіске 80 жыл. Осыған орай бүгін Шекара қызметінің қызметкерлері қазақ күресінен бақ сынасып, боз кілемде күресті. Додаға Шалқар, Әйтеке би, Қобда мен өзге де аудандардан сала қызметкерлері келіп, сынға түсіп жатыр. Қазақ күресінен сайысқа өз күшіне сенімді, қарсыласын алып жығар азаматтар қатсты. 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қайрат Қуаныш спорттың қай түрінен де осал емес. Бұл сайысқа да қуана қатысқанын айтады. Шекара қызметін жұмысқа кіргеніне биыл төртінші жыл. Қарысыластарына сәттілік, өзіне жеңіс тіледі. Сайыс екі күндік. Оған 100ге жуық спортшы қатысып жатыр. Бүгін жігіттер қазақ күресінен сынға түссе, ертең қоян-қолтық ұрыстан жарысады. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар бар.Количество показов: 32
Дата создания: 03.04.2025 08:35:47