Жылу бағасы 40 пайызға қымбаттауы мүмкін
Бүгін "Трансэнерго" АҚ-ы тағы да тарифті көтеруге ұсыныс түсірді. Бұл жолы жылу мекемесі бағаны 2013 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 40 пайызға жоғарылатуға мүдделі екендігін білдірді. Ұсыныс қабылданатын болса, ақтөбеліктер жылу үшін шаршы метріне бұрынғы 62 теңгенің орнына 87 теңге төлейді. «Трансэнерго» АҚ бюджет қаржысы есебінен биылдан бастап 791 млн.теңгеге ұзындығы 9,7 шақырым жылу желілерін қайта жарақтандыруды қолға алды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары 53 нысанда жүріп жатыр. Бұдан басқа, кәсіпорын 136 млн.теңгеге 2,7 шақырым жылу желісіне күрделі жөндеу жүргізген. Жұмыстар 90%-ға орындалды. Бірақ, ақтөбеліктер ыстық үшін бағаның 40 пайызға өсуіне қарсы. 2012-2013 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мерзімінде 979 көп қабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу, 70 үйге күрделі жөндеу жасалуы тиіс. Деректер бойынша ағымдағы жылы 55 үйге күрделі жөндеу және 784 үй бойынша ағымдағы жөндеу жасалынған. Жылу әдеттегіше, әлеуметтік нысандарға 1 қазанда, көп қабатты үйлерге қазанның оны күні қосылды. |
Количество показов: 2073
Дата создания: 16.10.2012 18:54:05