Азық-түлік қымбат
Өңірімізде азық-тұлік бағасы шарықтап барады. Соңғы бір аптада картоп, сәбіз, жұмыртқа мен пияз сынды көкөністтердің бағасы тым қымбаттап кеткен. Дегенмен, бағасы төмендеген азық-түліктерде де бар. Айта кетсек, баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.Тапқан-таянғаны ішем-жемнен ауыспайтын тұрғындар айлығының 70 пайызын азық-түлікке жұмсайтындарын айтады. Оған құы ұшып тұрған коммуналдық төлемдерді қосыңыз. Күнделікті нанымыз бен шайымызды алып отырамыз. Ал жеміс-жидек пен көкөністі рационнан қысқарттық, деп отыр. Өңірде азық-түлік бағасын реттеу үшін Тұрақтандыру қорлары бар. Бұл қорлардың миссиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуін тежеу. Алайда, тұрғындар әзір нәтиже көріп отырған жоқпыз, дейді.
Количество показов: 208
Дата создания: 08.11.2024 06:51:48