Жыл бастау мейрамы
Биылғы жылы Наурыз мерекесі «Наурызнама» деген атаумен он күн тойланып жатыр. Аталған тұжырымдама негізінде Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы елімізде 14 наурыздан бастап тойланатын болды. Көрісу күнінен бастау алатын мерекелік іс-шаралар 23 наурызға дейін жалғасады. Әрбір күн белгілі бір тақырыптық негізге бекітілген. Ең бастысы, он күн бойы өтетін салтанат ізгі амалдарға, мәдени сауық кештер мен әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді дәріптеуге арналмақ.Количество показов: 42
Дата создания: 23.03.2025 10:02:41