30-наурыз күні Айт намазы таңғы 7:30 да оқылады
Ораза айт – әлем мұсылманды бірлік пен жақсы амалдардың ұйытқысы болуға шақыратын мейрам. Айт намазы осы мерекенің ең негізгі құлшылығы болып саналады. Әне-міне дегенше қасиетті Рамазан айының соңғы күндеріне де жеттік. Барша мұсылман қауымы биыл 29 күн ауыз бекітіп, ораза ұстады.Ораза Айт мейрамы мұсылман халықтарының ең қадірлі мерекелерінің бірі. Ислам дініндегі бұл мереке Ораза айт немесе ауыз ашар мейрамы ретінде белгілі. Бұл мерекені Қасиетті Рамазан айының аяқталу құрметі ретінде Шәуәл айының алғашқы үш күнінде атап өтеді. Өңірде айт намазы 30-наурыз күні таңғы 07:30 да оқылады. Облысымызда шамамен 71 мешіт бар. Барлық мешітте айт намазы оқылып, кішігірім дастархан жайылады.Айт мерекесі – тек жеке құлшылық қана емес, отбасы мүшелерімен бірге жасалатын игі амал. Әр мұсылман шаңырағында дастархан жайылып, тума-туыс бас қосып, әдемі тілектер мен тәрбиелі әңгімелер айтылатын күн. Намаздан шыққан соң, туыстардың үйіне айттап барып, сәлем беріп шығады. Ендеше, айттан айтқа аман-есен жете берейік.Количество показов: 33
Дата создания: 29.03.2025 07:21:40