Ақтөбеде электр жарығы қымбаттауы мүмкін
Облыстық кәсіпкерлер палатасында электр энергиясына тарифті көтеруге байланысты туындаған шағымдар қаралды. Жиынға монополия өкілдері, кәсіпкерлер мен палата сарапшылары қатысты. "Энергосистема" серіктестігі сәуірден бастап электр энергиясының шекті тарифін 34,64-тен 46,00 ға көтеруді көздеп отыр. Өтінімдегі өсім 32,8%-ды құрайды.Онсыз да қымбатқа шығатын жарық құнының өсуі әсіресе кәсіпкерлердің қалтасынан соғатыны анық. Өңірде жарық тапшылығы жоқ, тарифті өсіру негізсіз дейді кәсіпкерлер.
Ал серіктестің айтар өз уәжі бар. Біріншіден- электр энергиясын сатып алу бағасының өсуі. Екіншіден- электр энергиясын жеткізу шығындарының өсуі,-дейді маман.Қазір жүздеген бизнес иелерінің шағымы кәсіпкерлер палатасына жолданды. Егер электр энергиясымен қамтушы мекеменің өтініші мақұлданса, жаңа тариф 1 сәуірден бастап күшіне енеді. Ал өңірлік кәсіпкерлер болса көптің пікірін ескеруді талап етуде. Ақтөбелік тұтынушыларды жарықпен қамтамасыз ететiн кәсiпорындар пайдаланылған жарық көлемiн есептеу кезiнде қарапайым тұтынушының құқығын аяққа жиi таптайды деген пікірде.
Количество показов: 29
Дата создания: 28.03.2025 07:04:00