Өңіріміздегі жайылымдық жерлер деградацияға ұшыраған
Ауыл халқына жайылым жерлер жетпей отыр. Мәселен, Ақтөбе өңірінде малдың дені қыстақ пен жайлауда емес, ауыл маңында жайылады. Ал фермерлерге тиесілі жерлердің тоз-тозы шыққан. Облыстағы мал шаруашылығына берілген жердің дені деградацияға ұшыраған. Бұл ғалымдардың космостық зонд арқылы жүргізген зерттеуінің қорытындысы. Сондықтан, пилоттық жоба Ақтөбеден бастау алып отыр. Ақтөбеде фермерлер мектебі ашылмақ. Жаңа білім беру бағдарламасы пилоттық жоба. Өз жемісін беріп жатса, еліміздің өзге өңірлерінде іске асырылады. Бүгін Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі мен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы Меморандумға қол қойды. Маңызды құжат аясында аталмыш колледж оқытушылары қайта даярлықтан өтеді.Пилоттық жоба Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы мен Мұғалжар ауданы Талдысай ауылында іске асырымақ. Осы екі ауданда далалық мектеп құру жоспары бар. Онда аудан фермерлерін оқытылмақ. Осы екі ауылдағы жайылымдық жерлерді қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұрын ата-бабаларымыз жыл мезгіліне сай көктемгі, жазғы, күзгі, қысқы жайылымдарды пайдаланған. Жыл он екі айды малдың жайына қарай бөлген. Нәтижесінде мал басы көбейіп, табиғаттың тепе-теңдігі сақталған. Жобаның мақсаты да осы. Ауылдық жерлердегі жайылымдық жерлерді қалпына келтіру.
Количество показов: 37
Дата создания: 28.03.2025 07:01:53