Ақтөбеде қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге тастау азаймай тұр
Жібек жолы тұрғын алабының тұрғындары жаздың қамын әлден ойлап жатыр. Екі жыл бұрын тұрғын алапқа кіре беріс жолда заңсыз қоқыс алаңы пайда болған. Өткен-кеткеннің қоқыс лақтыратын полигонына айналған жер қошаусыз, қараусыз. Иесі де белгісіз. Алда жаз. Жылдағыдай мүңкіген иіс үйлеріне кіріп, шашылған қоқыс айналаны былғайды дейді. Стихиялық қоқыс алаңының жалпы көлемі шамамен 100 метрдей болады. Бұл жерде жоқ емес зат жоқ. Бетондар, ішінде не бары белгісіз толған қап, шлангтер мен өзге де заттар жатыр. Мұндай қоқыс үйінділері экологияға зиян. Адам денсаулығына да қауіпті. Жібек жолы тұрғын алабындағылар былтыр Алматы ауданы әкімдігі мен учаскелік полиция инсепекторына мәселені жеткіздік, дейді. Құр уәде ақыры орындалмапты. Бүгін аудан әкімдігіне біз хабарластық. Айтуларынша, бүгінге дейін мәселені білмепті. Жергілікті полиция қызметіне хат жолдап, бірге іске кірісетін болды.Заңсыз қоқыс үйіндісінің экологияға қауіпті деп тану үшін оның көлемі ғана емес, құрамы, орналасқан жері, қоршаған ортаға әсері ескеріледі. Егер бұл жерде пластик, химиялық заттар, медициналық қалдықтар болса, зияндылығы артады. Көптеген елдерлде экологиялық нормаларға сәйкес 10 шаршы метрден асатын заңсыз қоқыс үйіндісі жоғары қауіпті деп есептеледі екен. Ал, Жібек жолы тұрғын алабындағы мәселені экологтар қауіпті деп шешсе, мәслихат сессиясында үйіндіні сүру үшін қаржы қарастырылады. Алматы ауданы бойынша қауіпті деп танылған заңсыз қоқыс үйіндісі 16 жерде бар. Биыл бюджеттен қаржы бөлу қарастырылған.
Количество показов: 33
Дата создания: 29.03.2025 07:18:43