Дөңгелек ауыстыру сервистерінде жұмыс қайнап тұр
Дөңгелек ауыстыру дәурені басталды. Шаһардағы дөңгелек жөндеушілерге сұраныс артып, қызмет алушылар саны артты. Жүргізушілер кезекті сағаттап күтеді. Қазір дөңгелек ауыстыру қызметінің құны - 8 мың мен 14 мың теңге аралығында. Дөңгелек көлеміне байланысты қымбаттайды. Десе де, бұл қызмет құны жыл санап артып келеді.Қысқы дөңгелектерді жазғыға ауыстыру нақты бір күнмен белгіленбейді. Көктемгі құбылмалы ауа-райына байланысты өзгереді. Тіпті, кейді мамырға дейін созылады. Қыс мезгіліндегідей емес, жазғы дөңгелектерді уақытында ауыстырмауы үшін арнайы айыппұл қарастырылмаған. Дегенмен, жол қауіпсіздігін сақтау үшін маусымдық дөңгелектер уақытылы ауыстырылуы қажет.
Количество показов: 35
Дата создания: 28.03.2025 07:05:57