Жол құрылысы жұмыстары жалғасуда
Биыл қаламыздың көптеген көшелерінде жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның бірі Шоқан Уәлиханов көшесі. Шұрық-тесік жолдардан шаршаған көлік жүргізушілері қала жолдарына біраз шағымданған болатын. 1 жыл тұрып, қар суымен бірге еріп кететін асфальттан шаршадық, бұған дейін салынған жолдар бір маусымдық. Қармен бірге еритін,-деп бөліседі тұрғындар. Бұл жолы жұмыс сапалы орындалады,-деген ұмітте. Ш.Уәлиханов көшесінің ұзындығы - 1260 метр. Көшенің жөндеу жұмыстарына “АтырауИнжСтрой АИС” серіктестігі жауапты. Олар бардюрлерді, суағарларды ауыстырып, тротуарға дейін жаңартуда. Қазірде қалыңдығы 6 сантиметр ірі түйіршікті асфальтбетон жабындысын төселген. Мұның үстіне тағы қалыңдығы 5 сантиметр болатын полимерлі негізде жасалған қиыршық тасты мастикалық асфальтбетонмен жаппақ. Жалпы қалыңдығы 11 см. асфалтбетон төсейміз,-дейді жауапты мердігер. Ауа райы жақсы болса, барлық жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс.Количество показов: 236
Дата создания: 25.09.2024 07:21:54