«Зерде» республикалық зерттеу жобасының облыстық екінші кезеңі өтті
Бүгін облысымыздың әр жерінен жиналған 759 бала «Зерде» Республикалық зерттеу жобалары байқауының екінші кезеңіне қатысуда. Байқауға 2-7 класс оқушыларының зерттеу жұмыстары бірнеше секциялар бойынша қабылданады. Әр секция бойынша Бас жүлде иеленген оқушылар 2025 жылғы ақпан айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады. Байқаудың басты мақсаты: Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау. Және оларға қолдау көрсету. Қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне басты назар аудару.Байқауға 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары бірнеше секциялар бойынша қабылданады. Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті, физика, космос,медицина мен психология, экология,Технология және өнер сынды пәндерден өз шеберліктерін көрсетуі керек. Бұл жобаға Шұбырқұдық ауданының оқушылары да құр алақан келмеді. Нұралы Низағали жоба үшін 1 ай бойы дайындаған Түйемойнақ тері ыдысын дайындап әкелген. Туындымды жасауға еңбек пәнінің мұғалімі бағыт-бағдар беріп, көмектесті дейді Нұралы.Әр секция бойынша Бас жүлде иеленген оқушылар 2025 жылғы ақпан айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады. Сонымен қатар «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының жеңімпаздары республикалық деңгейде өткен байқауларда, Ақтөбе облысының намысын қорғап жүлделі орындарға ие болып келеді.
Количество показов: 19
Дата создания: 21.11.2024 07:05:09