Ақтөбеде көлігін сатуға шыққан әйелді әйелді өлтірген жігіттің ісіне қатысты сот үкімі шықты
Еске салсақ 9 маусымда 55 жастағы әйел өз көлігін сату үшін автокөлік базарына барған. Бірақ, сол кеткеннен тірі оралмады. Сот шешімі бойынша қылмыскер 22 жылға бас бостандығынан айырылды.Жәбірленуші Сұлтанбаева Тойота Камри" маркалы автокөлігін сатқысы келіп, 9 маусым күні автобазарға барған. Дегенмен, кінәлі Үсеновтің айласына түскен 55 жастағы әйел өз көлігінде қылмыскердің қолынан қаза табады. Қылмыскер Үсенов бүгін сот үкімінің шешімімен 22 жылға бас бостандығынан айрылды.Жәбірленуші тараптың туыстары мен таныстары сотты әділ өтті деп есептейді. Дегенмен, одан да ұзақ жылға сотталғанын қаласақта, 22 жылға ризамыз деп отыр. Алдымен қылмыскер Үсенов жәбіленушінің мойнына жүргізуші жағынан қауіпсіздік белбеуін тағып, оны тұншықтырып өлтірген. Одан кейін Сұлтанбаеваның бетін пышақпен тіліп, ауылдық жолдың жанына лақтырып жіберген. Қазіргі таңда марқұмның артында 1 баласы қалды.Количество показов: 18
Дата создания: 21.11.2024 06:59:02