Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні желтоқсан айының басында аталып өтіледі
Иммун тапшылығы вирусын емдеуге болады. Дегенмен, одан толық айығып кету мүмкін емес. Ретровирусқа қарсы күшейтілген терапияның арқасында вирус жұқтырған пациенттердің өмірін 70-80 жасқа дейін ұзартуға болады. Басты міндет- дәрігер нұсқаулығын бұлжытпай орындау. Бүгін ЖИТС орталығының мамандары жыл есебін берді. СПИД немесе ЖИТСпен өмір сүруге болады, тіпті ұзақ ғұмырлы болуы да мүмкін. Тек дәрігерге уақтылы тексеріліп, нұсқауларын бұлжытпай орындауыңыз шарт. Мамандардың айтуынша, бұл ауруды бақылауда ұстау қажет. Вирус анықталған жағдайда ең алдымен ЖИТС орталығына барып тіркелу керек. Биыл облыста 57 адамнан ЖИТС инфекциясы анықталып отыр.ЖИТС ауруының алдын алу мақсатында орталық тарапынан жұмыстар үзілмей жүргізіледі. Мысалы, 2024 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 4500 адам профилактикалық іс-шаралармен қамтылған. Жыл соңына дейін әлі де екі жүзден аса адамды профилактикалық жұмыстармен және АИТВ-ға тестілеумен қамту жоспарлануда.Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігеді. Биыл Дүниежүзілік күн "Дұрыс жолды - адам құқықтары жолын таңдаңыз " тақырыбында өтеді. Бұл тақырып Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әлемдік ауқымда қоятын міндеттер тізімін толықтырады. Егер әркімнің құқығы қорғалса, әлем ЖИТС-ті жеңе алады.
Количество показов: 24
Дата создания: 21.11.2024 07:01:52