Көктемде көкөніс бағасы көтерілмейді
Баға тұрақты болады. Жергілікті көтерме сауда орталығының басшылары солай деп отыр. Көкөніс жеткізілетін аймақтармен келісім-шарттар жасалып, ақшасы да алдын ала төленген. Жылда көктемде көкөніс бағасы шарықтап кететіні белгілі. Бірақ, биыл жылдың төрт мерзгілінде де баға өзгермеуі мүмкін. Көтерме сауда орталығының басшылары еліміздегі оңтүстік және солтүстік өңірлермен келісім шарт жасалғанын жеткізді. Ақтөбеге картоп Орал мен солтүстіктегі облыстардан жеткізіледі. Жергілікті өнім нарықта 30 пайызды ғана құрайды. Енді сұранысқа сай көлемдегі өнімдер жеткізілетін аймақтарда сақталатын болды. Көкөніс сақтауға арналған қоймаларда қажетті өнім көктемге дейін сақталады. Ол үшін көкністің әр келісіне 2 теңгеден ақша төленген. Өңірге жеткізілетін көкөністерге алдын ала төлем толық жасалған. Соңғы 2 айда көтерме сауда орталығында 2-3 мың тоннаға дейін пияз сатылыпты. Дегенмен, картоптың келісі көтерме бағадағы сатылымның өзінде 220 теңге болып тұр. Сәбіз 140, Пияз 130, қырыққабаттың келісі 140 теңгеден сатылып жатыр.Количество показов: 42
Дата создания: 20.11.2024 06:38:17