Жол апаттарының артуына дәрігерлер алаңдаулы
Үстіміздегі жылы облысымызда жол көлік оқиғаларынан 93 адам көз жұмған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытмен салыстырғанда 60 пайызға жоғары. Жол апатының бұлайша артуына ақ халаттылар да қатты алаңдаулы. Биыл жол-көлік оқиғаларынан елімізде 2 мың адам көз жұмған. Оның 80 пайыздан астамы 20 мен 40 жас аралығындағы еңбекке қабілетті жандар. Сондай-ақ жол апатынан жарақат алғандар саны да артып отыр. Бұл көрсеткіш қазір еліміздің әрбір 100 мың тұрғынына шаққанда 163 адамды құрайды. Қазір өңіріміздегі медицина мекемелері жол-көлік апатынан зардап шеккендерді қабылдауға толық қауқарлы. Бір ғана облыстық жедел жәрдем ауруханасындағы жарақат бөлімі 90 науқасқа арналған. Алайда аймақтағы жол апатының бұлайша артуы алдағы уақытта қосымша жарақат бөлімшелерін ашуды талап етеді. Жол апатына ұшырап алған жарақатынан көз жұматындар санын азайту үшін ақ халаттылар алдағы уақытта автомектептерде алғашқы көмек пәнін енгізу қажет деп санайды. Ол үшін аталмыш оқу ошақтарына баратын арнайы дәрігер мамандар да жеткілікті. |
Количество показов: 2294
Дата создания: 11.10.2012 19:01:14