Жемқорлыққа жол берген басшылар жұмыстан қуылды
Облыс әкімдігінде өткен тәртіптік кеңесте өңіріміздегі жасөспірімдерді бейімдеу орталығының бастығы Марина Жүрсінбаева қызметінен қуылды. Сондай - ақ Темір аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Жексенбай Жабасов та өз орнын босатуға мәжбүр болды. Екеуі де сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзушылыққа жол берді деп айыпталды. Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бастығы мемлекеттік сатып алулар туралы келісім шартқа сай байқау өткізбестен өзінің заңсыз әрекетін жүзеге асырыпты. Орталыққа орнатылуы тиіс бейнебақылау құрылғысының ақшасын өз пайдасына жаратқан. Сондай - ақ жасөспірімдердің денсаулығын қадағалауға тиіс педиатрды жарты күн жұмысқа қабылдаған. Алайда еңбек табелінде оған толық күннің еңбекақысы тиесілі деп көрсетіп, жарты қаржысын өз қалтасына салып отырған. Қалалық прокуратура қызметкерлері тексерген уақытта орталықтың мүлкі - ас үстелі мен 20 орындық табылмаған. Жиһаздарды басшы отбасындағы жиын - тойға пайдаланып қайтармақшы болыпты. Бүгін тәртіптік кеңес мүшелері бір ауыздан Марина Жүрсінбаева қызметінен босатылады деп мәлімдеді. Тәртіптік кеңесте мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы Ислам Халықов ескерту алды. Ол жиналыста дөрекілік жасаған. Бүгінгі отырыста сонымен қатар Ойыл ауданының бір топ мемлекеттік қызметкері сөгіс алды. |
Количество показов: 2250
Дата создания: 12.10.2012 18:49:32