Жасыл желекті заңсыз отаған кім?
Бұл- Спутник аялдамасы маңында орналасқан "Дина" супермаркетінің алдындағы көрініс. Мұнда жайқалып өсіп тұрған 10 ға жуық ағаш оталған. Айналасының жайлылығын ойлаған "1886" мейрамхана иесі мердігер ұйымды жалдап, ағаш отауға пәрмен берген. Олар болса, ағаштарды санитарлық кесу талаптарын ескерместен аяусыз аралаған. Нәтижесінде жіптей тізіліп, біркелкі жайқалып тұрған ондаған ағаш оталды.Тұрғындардың талабы бір. Олар кесілген әр жасыл желектің орнына жаңасын отырғызсын деген пікірде. Рұқсатсыз кескен мейрамхана иесіне құқық қорғау органдары 184 мың теңге айыппұл салған. Айта кетейік, заңсыз ағаш кескендерге жаза қатаң. Мейрамхана иесіне 386 бап бойынша сот процесі өтіп, ағашты заңсыз отағаны үшін 50 АЕК айппұл салынды.Количество показов: 236
Дата создания: 02.10.2024 07:33:21