Жастар арасында ерте жүктілік белең алып барады
Облыста кәмелет жасына толмаған 21 қыз жүкті. Былтырмен салыстырғанда жағдай жақсарып келеді. Өткен жылы 31 қыз тіркеуге алынған болатын. Көш түзеліп келе жатқанымен, дәрігерлер ерте жүктіліктің алдын алу керектігін айтып дабыл қағуды доғармақ емес. Себебі, жабық тақырыпты жылы жауып қойғанның зардабын қазір тартып отырмыз дейді. Аяғы ауыр қыздардың физиологиялық тұрғыдан сәбиді өмірге әкелуі қауіпті болғандықтан, 45 пайызына жүктілікті үзуге кеңес береді. Дәрігерлік бақылауда тұрған 21 қыздың ең жасы- 14-те. Ол бойға біткен сәбиін тууға бел буып отыр. Адам репродукциясы мен отбасын жоспарлау орталығы мамандары бұл тақырыпты ұят деп жылы жауып қойғанша, қыздарға жүктіліктен сақтанудың дұрыс жолдарын үйреткен жөн деп отыр. Бүтін бір облысқа - жалғыз жасөспірімдер гинекологы. Сондықтан, Салтанат Тобылбаева мектеп оқушылары, колледж студенттерімен мейлінше жиі кездесіп, дәрістер оқиды. Дәрігерлердің кеңесі бойынша, бала сүюге ең қолайлысы - 21-22 жас. Келіншектер 35-жасқа дейін өмірге дені сау ұрпақ әкелуге қабілетті дейді акушер-гинекологтар. |
Количество показов: 7290
Дата создания: 26.09.2012 19:17:37