Жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты басталды
Ақтөбенің намысын ел чемпионатында Ермек Амангелді бастаған елу ұл-қыз қорғайды. Чемпиондық атаққа қызу талас болатын түрі бар. Бәсеке жоғары. Қатысушылар саны көп. Биылғы ел біріншілігінде шетелдік татамилерде шыныққан Бауыржан Жауынтаев, Ақмарал Науатбек, Адия Сайын, Айболат Ыстыбай секілді әлем және Азия чемпиондары бақ сынайды. Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ел чемпиондарының есімдері жексенбі күні белгілі болады. Үздіктер ел құрамасына алынып, халықаралық жарыстарға дайындалады.
Количество показов: 1762
Дата создания: 05.02.2016 18:30:06