Жарығы мен жолы жоқ көше
Қайрат Рысқұлбеков көшесінің бойында № 33 мектеп орналасқан. Мұнда балалар қаламыздың бірнеше ауданынан қатынайды. Бірақ көшенің жағдайы нашар. Түнде жарығы тас қараңғы, ал жолдары шұрық-тесік, - деп шағымданды көше тұрғындары. Мәселе жылда қозғалады, жергілікті биліктің құлағына да жетті. Алайда, нәтиже жоқ. Баяғы жартас-бір жартас,-деп налиды жұрт. Ақ жағалылар көшенің жағдайымен таныс, 2024 жылы қолға аламыз уәде де берген. Күздің алғашқы айы аяқталуға тәмам. Алда жаңбырлы маусым келе жатыр. Батпаққа белден бататын болдық, дейді көше тұрғындары. Ал тұрғын үй комуналды шаруашылығына жауаптылар, бұл көшеге жарық қондыру, жол жөндеу, жүргіншілерге жол және суағарлар жасау жоспарда бар екенін тілге тиек етті. Тек қазір құжаттарды тексеру, мақұлдау жұмыстары жүріп жатыр. Сметалық құжат дайын болса, қаржы бөлінеді. Жұмыс та басталады. Тұрғындардың әзір күтуден басқа амалы жоқ. Тұрғындар көшенің өзгеруіне үмітті. Талаптарымызды орындаса игі, әйтпесе осы мәселені қашаннан сұрап келе жатырмыз. Жаңбырды күні балаларымызды аяймыз. Шарбақ жағалап жүреді. Тас түнек көшемен мектепке қатынайтын балаларының қауіпсіздігіне алаңдайтын ата-ананың күн сайын жүрегін шүберекке түйіп отырудан басқа амалы жоқ.Количество показов: 251
Дата создания: 20.09.2024 07:40:42