Жалған диагноз қойылған әйел дәрігерлермен соттасуда
Дәрігерлердің ағаттығынан төрт ай бойы сергелдеңге түскен науқас Ханшекер Қозыбаеваның шағымы бойынша сот отырысы басталды. Ақтөбелік ақ халаттылар оған сүз безінің қатерлі ісігі деген диагноз қойып, ота жасау күнін де белгілеген. Алайда азаматша ауруханадан қашып шығып, орынборлық мамандарға тексерілуге бел буыпты. Ресей дәрігерлері Ханшекер Қозыбаеваға диагноздың қате қойылғанын дәлелдеп шықты. Енді жалғызбасты ана дәрігерлерден моральдық және материалдық шығын өндіріп алмақ. Жылдың басында бас ауруы жиілеген ақтөбелік азаматша №1 қалалық емханаға барып учаскелік терапевтке қаралады. Сол жерде скринингтен өтеді. Науқастың бойынан сүт бездері мастопотиясы анықталады. Анализ тапсырғаннан кейін кеуде тұсы көгеріп, науқас дәрігерлерге қайта қаралады. Ақ халаттылар үш күннен соң мұның ізі де қалмайды деп қайтарып жіберген. Ханшекер жеке клиникаға барып, арнайы ультра күлгін сәулелі аппараттың көмегіне жүгінеді. Жалғызбасты ана Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетіне қарасты медициналық орталық дәрігерлерін біліксіз деп сынап отыр. Бүгін аталған іс бойынша алғашқы отырыс өтті. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті медициналық орталығының мамандары өздеріне артылған айыпты мойындамай отыр. Сот отырысы әлі де жалғасады. |
Количество показов: 2281
Дата создания: 08.10.2012 19:15:38