Жақсылықта жарысатын ай
Назгүл Айыпқызының пәтер кезегінде тұрғанына талай жылдың жүзі болыпты. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйел пәтер жалдап, әр баспананы жағалап жүр. Үкіметтен түсетін жәрдемақы баланың емі мен дәрі-дәрмектен артылмайды. Арбаға таңылған баласын ертіп, облыстық "Нұр Ғасыр" мешіті ұйымдастырған шараға келген ананың қуанышында шек жоқ. Ал баспана Назүл үшін тосынсый болды. Пәтер кілтін мұқтаж жанға бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы табыстады.«Рамазан - ынтымақ пен ізгілік айы» атты ауызашар кешінде Назүлден бөлек тағы 3 отбасы баспаналы болды. Олар көп балалы аналар Гүлзабира Сейтқалиқызы мен Орынгүл Қойшыбайқызы. Қасиетті айда жалғызбасты қос ана үш бөлмелі пәтерге ие болды. Жанарын мұң шалса да, мойымай, келер күннен үміт күтетіп келген аналарға мұндай тарту жасаған жергілікті кәсіпкер Нұрлан Нұржанұлы. Рамазанның шарапатын "Нұр Ғасыр" мешітінің ұстазы Талғат Амановқа бұйырды. Жас маманның енді өз баспанасы бар. Қайырымдылық шарасы "Ел үлесі-пәтерге" акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл осымен ел бойынша 822 ші акцияның жемісі. Өңірде қайырымды, жомарт әрі көңілі қос азаматтар жеткілікті, дейді ұйымдастырушы тарап. Мұқтаждарға қол ұшын созған жігерлі жүрек иесі өзін жария етуге жоқтығын білдірді.
Количество показов: 33
Дата создания: 27.03.2025 01:45:10