Жүрегіне ота жасалған сәби сал болып қалды
Ал ақтөбелік 3 жастағы сәби жүрегіне жасалған отадан кейін мүгедек болып қалды. Аяқ-қолы сау балаларының айдың-күннің аманында осындай халге түсуіне Есмахановтар отбасы медицина қызметкерлерін кінәләп отыр. Самғаттың бойындағы әлсіздік осыдан 2 жыл бұрын басталған. Сәбиінің денсаулығына алаңдаған анасы оны дереу дәрігерлерге көрсетеді. Нәрестенің жүрегіндегі ақауды сезген ақ халаттылар оны бірден Астанадағы ұлттық кардиологиялық орталыққа апаруға кеңес берген. Жанын шүберекке түйген анасы сәбиін жетектеп Астанаға да жетеді. Алайда, орталықтағы мамандар ота жасаудан бас тартқан соң Ақжамал Есмаханова ұлын ертіп Ақтөбеге қайтуға мәжбүр болған. Осылайша арада 1 ай уақыт өткенде облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ресейден белгі кардио-хирург мамандар келгенін, олардың бүлдіршінге ота жасауға келіскендігін жеткізген. 7 сағаттық отадан кейін Самғатты жансақтау бөліміне ауыстырған. Баласының бүйрегі істен шыққанын анасы сол кезде ғана біліпті. Содан бері 5 ай өтіпті. Осы уақыт ішінде бауыр еті балаларын аяққа тұрғызамын деп бармаған жерлері, баспаған таулары қалмаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының да табалдырығын талай тоздырған. Алайда жауапты тұлғалар жауап беру былай тұрсын жанайқайларына құлақ та аспапты. Ұлына ота жасатамын деп орны толмас опық жеген ана енді қайда барып көмек сұрарын білмей дал. 4 баланың анасы Ақжамал Есмаханованың басында басыбайлы баспанасы да жоқ. |
Количество показов: 2428
Дата создания: 08.10.2012 19:44:14