Зағиптар арасында шахматтан турнир өтті
Әлемде шахмат – ақыл-ойды дамытатын спорт түрі болып саналады. Шахмат- ой өрісті дамытып қана қоймай, адамды шапшаң ойлап, тез шешім қабылдап, ширақ қимылдауға септігін тигізетіні анық. Ойнау логикасы зейінділікті дамытса, әр алуан нұсқаларды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге итермелейді деген ерік-жігерді қалыптастыруға басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай турнирлер мүмкіндігі шектеулі адамдарға үлкен үміт береді. Үйде бос отырмай, қоғамға керек екенін сезіндіреді. Қатарластарымен араласып, көңіл-күйлеріне оң әсер етеді. Мұндай шараларды жиі ұйымдастыру жоспарда бар,- дейді олар.Бүгінде турнирге қатысқандардың ешқайсысы да елеусіз қалмады. Қаржылай сыйлық 1-орынға 50 мың теңге, 2-орынға 40 және 3-орын алған жеңімпазға 30 мың берілді. Түрлі номинациялар бойынша 15 мың тг көлемінде 16 қатысушыға берілді. Ал қалған қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Количество показов: 245
Дата создания: 28.09.2024 08:35:23