Ырғыз ауданының әкімі 10 айды қорытындылады
Аудан жеріндегі 18 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген. Орташа жалақы көлемі 292мың теңгені құрайды. Ал, аудан бойынша 2 362 адамды уақытша және тұрақты жұмыс орындарымен қамту жоспарланып, бүгінде 2332 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар аудан әкімі келер жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Ырғыз ауданында 14мыңнан астам халық тұрады.Негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы.Көгілдір отынмен қамтуда ауданның 8 елді мекені газбен қамтылған. Аудан бойынша 18 елді мекеннің 16 елді мекені орталықтандырылған ауыз су желісін пайдаланып отыр.Қаңтар-қазан айларында 5 млрд. 041 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.Сонымен қатар Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов ауданда орташа жалақы көлемі 292 мың теңгені құрайтынында тілге тиек етті.Ауданда 21 білім беру мектебі,15 мектепке дейінгі ұйымы мен 3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар ауданның жергілікті маңызға ие жолдардың ұзындығы 280,17 шақырым. Ауылішілік автомобиль жолдарының ұзындығы 81,5 км.Ырғыз ауылішілік көше жолдары құрылысын салуға республикалық бюджеттен 100 млн теңге бөлініпті. Аталған жоба ауыспалы, биылғы жылы 1 көшеде автомобиль жолы жасалған,ал, 2025 жылы құрылыс жұмыстары жалғасатын болады.Количество показов: 13
Дата создания: 28.11.2024 07:31:56