Темір жол қауіпті аймақ
Рейдтік іс-шараның мақсаты- темір жол аса қауіпті аймақ болғандықтан оқыс оқиғаларды болдырмау, жолаушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар пойыздардың жедел тежегіш қолдану дерегін болдырмау. Мұндай шаралар күнделікті болып тұрады дейді қызметкерлер.Азаматтардың пойыздардың қозғалыс аймағында қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы, бұл өлімге әкелетін басты себеп. Адамдар темір жолды кесіп өткенде, алкогольді ішімдік ішкен мас күйінде, телефонмен сөйлескенде немесу құлаққаппен жүргенде пойыздың шуымен машинистің сигналын естімейді. Қызметкерлер қала тұрғындары мен қонақтарына темір жол бойында, қауіпсіздік шараларын сақтап, оның аса қауіпті аймақ екенін ескертеді. Айта кетсек, оқыс оқиғадан қайтыс болған 17 жасар қыз бала ауыр дене жарақаттарымен қалалық емханаға жеткізілген. Алайда, ақ халаттылар жасөспірімнің өмірін арашалап алып қала алмаған.Количество показов: 262
Дата создания: 28.09.2024 08:28:11